Олимпиадада танылған Шынәлиев 10 жылда адам танымастай өзгеріп кетті

Источник: nur.kz

2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарында бокстан қола жүлдегер атанған Еркебұлан Шыналиевті көпшілік танымай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көптен бері көрінбей жүрген боксшымыз "Ұлттық спорттық жүлде-2018" марапаттау рәсімінде бой көрсеткен.

Аталған іс-шараны Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Астана қаласында ұйымдастырған болатын.

Еске сала кетсек, Еркебұлан Шыналиев Түркістан облысының тумасы.

Ол — 2007 жылы Чикагода өткен әлем чемпионаты мен 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиаданың қола жүлдегері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Добавить комментарий