Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасында Грузиядан ұтылып қалды (фото, видео)

Источник: nur.kz

Ұлттар лигасының бастапқы матчінде Қазақстан құрамасы грузиялықтарға жеңіліп қалды. Екі ел футболшылары арасындағы ойын 0:2 есебімен аяқталды деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өз алаңында ел намысын қорғаған қазақстандық аяқдопшылар Грузия құрамасына 0:2 есебімен ұтылып қалды. Ойынның 69-ші минутында Гиорги Чакветадзе есепті ашып, өз құрамасын алға шығарды.

Ал бес минуттан соң, Сергей Малый өз қақпасына гол салып, қарсыластар үлесін үлкейтті.

Қазақстан құрамасының келесі ойыны 10 қыркүйек күні андоралықтармен өтпек.

Айта кетейік, Грузиямен өткен ойын Қазақстан құрамасы үшін Станислав Стоиловтың басқаруындағы төртінші кездесу. Бұған дейін отандық футболшылар Венгрия (3:2) мен Әзірбайжанды (3:0) ұтып, Болгарияға (1:2) есе жіберген болатын.

Добавить комментарий